ЖАС ТАРИХШЫЛАР ТОП ЖАРДЫ

08.10.2024


Бүгінде Отанға деген сүйіспеншілік пен патриотизм кез-келген жас буынның сөзінен де, көңілінен де көрініс тауып жүргені көз қуантады. Туған елінің тарихына қызығушылық танытатын дарынды оқушыларды анықтауға, олардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруға, сондай-ақ оқушылардың өзінің кіші Отаны үшін мақтаныш сезімдерін дамытуға ықпал ететін “Менің шағын Отаным” республикалық байқауының аудандық кезеңі өткізілді. Жалпы тарих негізінде өз жерін, аймағын, қаласын, ауылын сүюге, бүкіл қазақстандық бірегейлік пен бірлікті қалыптастыруға басымдық беретін бұл сайыстың 4 бағыты бойынша оқушыларымыз бақ сынады. Нәтижесінде, ”Менің кіші Отанымның тарихы” бағыты бойынша 10”Б” сынып оқушысы;
Набыев Айбек Сағындықұлы 1 орын; ”Кіші Отанымның символы” бағыты бойынша 10”Б” сынып оқушысы;
Бахыт Дильназ Қожахметқызы 1 орын;”Менің кіші Отанымның болашағы” бағыты бойынша 10 “Ә” сынып оқушысы;
Отесин Арайлым Жалғасқызы 3 орын; “Менің шағын отанымнан шыққан тұлғалар” жас жазушылардың эссе бағыты бойынша 10 “Б” сынып оқушысы ;
Туре Гүлсім Жұмасатқызы 3 орынға ие болып, мерейімізді өсірді.Сайыста ең жоғары деңгейде бір жүлде иелену қалыпты. Қос жүлде екі есе қуаныш. Ал, дарынды оқушыларымыздың соншама үміткердің ішінен оза шауып, бір сайыстан төрт бірдей үздік нәтижені қанжығалау үлкен ізденіс пен еңбектің нәтижесі.Жас дарынды оқушыларымыздың шығармашылығын шыңдап, тұғырлы жетістігіне дариядай үлес қосып, өзінің білімін оқушы жадына ұғындыруда сапалы қызмет атқарған - Койбагарова Роза Абзаловна, Жунисова Балакыз Абдурахмановна,Алданазарова Зауреш Кеңесқызы есімді шығармашыл әріптестерімізді жетістіктерімен құттықтаймыз. Жас ізденімпаздарымыздың алда өтетін облыстық кезеңінде де үздіктер қатарынан көрінуіне шын жүректен тілектеспіз!


На сайте    Все новости

Последние обсуждения | все обсуждения

Все обсуждения

День Знаний

09.10.2016
1

1 СЕНТЯБРЯ- ДЕНЬ ЗНАНИЙ! Поделитесь, как прошли линейки в ваших школах, какие интересные мероприятия были организованы?

Присоединиться

Что полезно есть на завтрак ???

11.07.2016
3

Полезный завтрак - обсуждение вариантов полезных завтраков для школьников и взрослых.

Присоединиться

Какие вопросы можно бы обсудить на тему "Культура" ?

11.07.2016
3

Опрос по теме культуры. Предлагайте темы для обсуждения культурных мероприятий и событий в области.

Присоединиться

Каким видом спорта Вы занимаетесь?

11.07.2016
0

За здоровую нацию! Расскажите, каким видом спорта вы занимаетесь или хотели бы заниматься.

Присоединиться